«Тайынша қаласы №5 ОМ-де әр бейсенбі күні оқу сағаты өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 кітап» жобасына байланысты іс-шаралар өткізіледі. Мақсаты: Тізімге енгізілген кітаптарды еске сақтау мақсатында, мәтін мазмұнын оқу арқылы шығарма және эссе жазу.

«Мен мықты болсам- Қазақстан да мықты» психологиялық денсаулық онкүндігі аясында 8-сынып оқушыларымен мектеп психологі С.Б.Бейсембаева «Дәл бүгіннен бастап…» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс шара барысында оқушылар дәл бүгіннен бастап өмірлеріне өзгеріс кіргізетіндігі туралы айтып, өз пікірлерлерімен бөлісті.

«Мен мықты болсам- Қазақстан да мықты» психологиялық денсаулық онкүндігі аясында 6-сынып оқушыларымен мектеп психологі С.Б.Бейсембаева белгілі бір қиындықта, жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында «Сенім құдіреті» тақырыбында психологиялық сабақ өткізді.Сабақ барысында Ник Вуйчичтің «Сенімділік серігің» бейнефильмді тамашалап, «Өмірдің мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында!» тақырыбында Н.Вуйчиштің өзіне сенімділігі арқасында талай қиындықтарды жеңуіне себеп болғаны жайлы слайд көрсетілді.Оқушылар сенім тақырыбында эксперимент жаттығуларын қызығушылықпен орындады. Сабақты оқушылармен мұғалімдер «Сенім» әнімен аяқтады.

«Мен мықты болсам- Қазақстан да мықты» психологиялық денсаулық онкүндігін мектеп психологтары С.Б.Бейсембаева, А.К.Токубаева «Бүгін қандай көңіл күймен келдің?» тақырыбында акциямен бастады. Сауалнама нәтижесінде 98 пайыз оқушы жақсы көңіл күймен келгенін көрсетті.

«Мен мықты болсам- Қазақстан да мықты» психологиялық денсаулық онкүндігі аясында мектеп психологтары С.Б.Бейсембаева, А.К.Токубаева мұғалімдермен мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнатумақсатында «Жақсы көңіл-күй -жан азығы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

14 қазан 8-9 сынып ата-аналарына ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨМЕК РЕТІНДЕ «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. Конференция бағдаламасында: 1. Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері. 2. Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі. 3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар. 4. Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу. 5. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы. 6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті. 7. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу. 8. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ? Конференция бағдарламасында жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар берілген.8-9 сыныпқа қарай жасөспірімнің организмінде гормоналдық және физиологиялық өзгерістерге байланысты жаңа эмоционалдық және мінез-құлық реакциялар қалыптасудың қуатты процесі жүреді, бұл шақта бала дербестікке ұмтылады. Өз құқықтарын сақтай отырып, жасөспірім өз өмірінің көптеген салаларын ата-ана бақылап, қорғап және олармен жиі қарым-қатынаста болған жөн.Бұл конференциядан ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты қажетті ақпаратты алды деп ойлаймыз.