Емтихан уақытында оқушыға қалай көмек көрсету

                   Ата-аналарға психологиялық кеңес

Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын – бұл оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оны тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау деп есептесе, онда жағымсыз эмоциялар мен стрестер өзі-ақ жоғалады.

Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

— Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз.

— Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын.

— Балаңыздың бөлмесіне сары немесе күлгін түстерді енгізу керек. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі болса да болады.

— Тесттік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағат беріңіз.

— Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай, мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарылатыңыз.

— Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. ми жұмысын белсендіреді.

— ҰБТ-ның алдында толыққанды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет.

— ҰБТ қорытындысынан кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз.

Тестке бір күн қалғанда

— Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айтпаңыз.

— Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыздар.

— Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

— Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

— Таза ауада достарымен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

— Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

— Балаңыз дың ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

Тест күні балаңыздан ерте тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі

— Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтанбауға да болмайды.

— Қатты қобалжығандықтан, балаңыздың тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса да болмайды.

— Жеңіл көкөністен жасалған тамақтар жеген дұрыс.

Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртурлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз. Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесі дайын болғанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілік білдіріңіз.

                      ҰБТ-ге психологиялық дайындық бойынша кеңестер

ҰБТ тест тапсырмаларына негізделген. Мұндай жұмыс түрі пән бойынша жақсы дайындық пен білімді, оқу процесіне қатысты барлық қатысушыларға (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер) психологиялық дайындықты талап етеді.

                              Пән мұғалімдерге ұсыныстар:

Оқу жүйесіне тесттік тапсырмаларды көптен енгізіңіз. Тест жұмыстарын орындау арқылы оқушы бойында өзіндік бақылау мен қадағалау сияқты психотехникалық дағды қалыптасады.

  1. ҰБТ-ге дайындық кезінде пән бойынша тақырыптық тесттер пайдаланыңыз.
  2. Оқушылармен бірге тест жауаптарына пайдаланылған кітаптар бойынша талдау жасаңыз.
  3. Оқушылар білімін сынақ және емтихан түрінде тексеріңіз.
  4. Оқушыларды ҰБТ – ге дайындық әдіс-тәсілдерімен таныстырыңыз.
  5. ҰБТ-ны жақсы таныстыру техникасымен таныстырыңыз. Мысалы, логикалық ойлану, әр сұрақ мағынасына жауап табу, т.б.
  6. Тесттік жұмыстарды орындау барысында оқушыларды талдауға, уақытын үнемі пайдалануға үйретіңіз.
  7. Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз.
  8. Оқушыларды қолдап отырыңыз.
  9. Бір-біріне қарсы қоюдан аулақ болыңыз. Барлық оқушылар көзінше ұрыспаңыз.
  10. Оқушыларды есімімен атауға тырысыңыз.
  11. Сенім, сыйластық және мейірім арқылы тәрбиелеңіз.
  12. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отырыңыз.

14.Балаларға емтихан кезінде мынадай мәселелерге көңіл бөлуді ескертіңіз.

Көзбен барлық тестіні шолып шықсын, сонда қандай тапсырмалар бар екенін біліп, жұмысқа толығымен икемделе алады;

Сұрақты соңына дейін мұқият оқып, оның мағынасын түсінсін (тестілеу кезінде жиі кездесетін қателік-соңына дейін оқымай, бірінші сөздерден-ақ жауапты жорамалдап, оны белгілеуге асығады);

 Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе сенімді болмасаң, тастап кет және сосын қайта оралу үшін белгілеп қой;

 Егер белгіленген уақытта барлық сұрақтарға жауап беріп, үлгермесең, ішкі      түйсігіне сеніп, барынша ықтимал жауапты белгіле.