Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көбейту бойынша жоба жарияланды 22.05.2019 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарылату бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес биылғы 1 маусымнан бастап 1,3 миллион адамның жалақысы көбеймек. Министрлік осыған орай жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес жасалған арнайы есептемелік жобаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықтың назарына ұсынды. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының кезекті съезінде еңбек ақы мөлшері аз бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру қажеттілігіне айрықша тоқталып, тиісті шаралар қабылдануы үшін нақты тапсырмалар жүктегені белгілі.