15-мамыр халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Мектеп кітапханашысы Мухамбеталина А.Б “Отбасы-өмір аясы” атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараға Жомартовтар мен Тілеутаевтар отбасы катысты.Олар өздерінің ұстаздық еңбек жолымен,жастық, балалық шақтарымен ой бөлісті.8 сынып оқушыларымен өткізілген бұл мерекелік іс-шара өте қызықты өтті.