Жаңа 2020 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2020! жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2020 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

8-11 сыныптарға арналған “Қош келдің Жаңа жыл” кеші.Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызы зор.Сабақтың мақсаты балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Сонымен қатар балаларды Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен және еңбек жолымен таныстыру. Тәуелсіз Қазақстанның символы – Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның әр азаматының мақтанышы.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы Ұлттың көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Патриоттық сезімді тәрбиелеудің жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі болып табылады. Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» атты ортақ тақырыпта ашық тәрбие сабақтары өтті.