“Тайынша қаласы №5 ОМ-де әр бейсенбі күні оқу сағаты өтеді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “100 кітап” жобасына байланысты іс-шаралар өткізіледі. Мақсаты: Тізімге енгізілген кітаптарды еске сақтау мақсатында, мәтін мазмұнын оқу арқылы шығарма және эссе жазу.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында мектебімізде “Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы” атты концерт, “Жас ұлан”, “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.Тәуелсіздік күні-барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірлік пен татаулық күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-ең алдымен халқымыздың бақыты,ұлтымыздың ұлы мұраты.

2 қараша мектебімізді Қоғамдық тыңдалым өтті.Бұған ата-аналар комитеттері, сынып жетекшілері, қамқоршылық кеңесі, мектеп инспекторы, мөлтек ауданының инспекторы және мектеп әкімшілігі қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1.2017-2018 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың есебі /тәрбие ісінің меңгерушісі Есмуханова С.Ж./ 2.Жаңа оқу жылына жоспарланған іс-шара түрлерімен таныстыру /тәрбие ісінің меңгерушісі Есмуханова С.Ж./ 3.Құқықбұзушылықтың алдын алу /әлеуметтік педагог Молдыбаева С.С./ 4.Түнгі рейд /мектеп инспекторы Бейсембаев Қ.Т/ 5.Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны /мектеп психологы Бейсембаева С.Б./ 6.Ата-анамен мектеп арасындағы қарым-қатынас /қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тасова Ш.Ж 7.Бала құқығын қорғау / мөлтек ауданының инспекторы Данияров А.О./ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есмуханова С.Ж. 2017-2018 оқу жылында жүргізілген жұмыстарға шолу жасап, әр өткізілген іс-шараларға баға берілді. Сынып жетекшілері мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатына нәтижесінде біршама жұмыстардың жасалғанын айтты. Әр баланың бос уақытының тиімді өтуіне, пайдалы істер мен айналысып мектептегі іс-шараларға белсенді қатысып отыруын талап етті.Әлеуметтік педагог Молдабаева С.С. оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алда алу бойынша ақпараттандырды.Оқушылардың мектепте, асханада, дүкенде, немес басқа да қоғамдық орындарда жүру кезінде біреудің затына қол сұқпауын ескертті, және өздерін дұрыс ұстауын , қоғамдық дұрыс жүруін ескертті.Қорытынды сөзді № 5 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тасова Ш.Ж жалғастырды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас болу керектігін айтып өтті. Егер де мұғалім мен ата –ана арсында келіспеушілік туындаған жағдайда, мәселені ушықтырмай қамқоршылық кеңес мүшелеріне жүгінуге болатынын ата-аналарға ескертті.

Биылғы оқу жылында «Рухани жаңғыру» аясында және Елбасының «Халыққа жолдауында» орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды екенін Елбасымыз өз жолдауына баса айта кеткен еді. Яғни, Рухани жаңғырудың саналы азамат тармағына сәйкес және Елбасымыздың халыққа жолдауын іске асыру мақсатында Тайынша қаласы № 5 орта мектебінде жыл бойына іс-шаралар жоспарланған. Жоспарланған жұмысымызды іске асыру негізінде қазанның 30 күні және қарашаның 1 күні 9,10,11 сынып оқушыларына болашақта мамандық таңдауда көмек ретінде «Аудандық емхана», «Надежда» қарттар үйі, «Темір жол» станциясына барып, маман иелерімен кездесіп , әңгіме жүргізіліп, мектеп оқушыларына мамандақ таңдауда бағыт бағдар берілді.

«Мен мықты болсам- Қазақстанда мықты» тақырыбында психологиялық денсаулық онкүндігі аясында 7-8-9 сынып оқушылары арасында тарих пәні мұғалімі Жапаров Н.Н. “Мен мықты болсам,Қазақстанда мықты …» тақырыбында КТК өткізді.Көңілді тапқыштар клубы өте қызықты, көңілді өтті. 9 “А” сыныбы құрама командасы І орынға ие болды.